Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы қаласы жаңа мәртебеге ие болмақ

Алматы қаласы жаңа мәртебеге ие болмақ
Сурет: gov.kz
Алматы қаласы "Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы" атанады

Алматы қаласы келесі айда жаңа мәртебеге ие болады. Мегаполис Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы атанады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада 11-12 маусым күндері Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының XIV пленарлық отырысы өтетінін айтты.

"Атап айтсақ, Түркі мемлекеттері ұйымының жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілін тағайындады. Көп ұзамай Тұрақты өкілдік ашуды жоспарлап отырмыз. Астанада 11-12 маусым күндері Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының XIV пленарлық отырысы өтеді. Ақтау қаласы биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жарияланды. Осы мәртебелі міндетті жоғары деңгейде атқару үшін нақты іс-шаралар қолға алынды. Қазақстанның бастамасымен өткен аптада Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы құрылды. Оның алғашқы отырысы киелі Түркістан қаласында табысты өтті. Ортақ келісім бойынша биыл маусым айынан бастап Алматы қаласы "Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы" атанады. Осылайша, біз түркі бірлігін нығайтамыз", – деді Президент.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар