Алматыда 22 жастағы қыз терезеден құлап қаза тапты: марқұмның анасы Тоқаевқа үндеу жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:23
- 40

Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап қаза тапқан Ақнәр Қамитованың анасы Гүлстан президентке үндеу жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол істі Алматыдағы тергеуге сенімсіздік танытып, Астанаға жіберуді талап етті.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізден өтінемін, қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" және 126-бабы "Заңсыз бас бостандығынан айыру" баптары бойынша қайта саралау туралы ұйғарым беруіңізді сұраймын. Алматы қаласының тергеу органдарына сенімсіздік білдіруімізге байланысты істі арнайы тергеу тобының бақылауына алуды, қызымның өліміне күдіктілерді қамауға алуды, әділ тергеуді қамтамасыз етіңіз", – дейді марқұм қыздың анасы Гүлстан Қамитова.
Іс қазір "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша тергеліп жатыр.
Айта кетсек, Ақнәр – КИМЭП университетінің түлегі және бес тілді еркін меңгерген. 2024 жылдың 20 шілдесінде Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен құлап қаза тапқан.