Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Анасы фастфуд тағамдарын берген: 10 айлық сәбидің ішегі шіріп кеткен

Анасы фастфуд тағамдарын берген: 10 айлық сәбидің ішегі шіріп кеткен
Сурет: Uzbek-MDK
Анасы сәбиіне фастфуд тағамдар беріп, ішегін шірітіп жіберген

Өзбекстанда фастфуд жеген 10 айлық сәбидің ішегі шіріп кеткен. Оны анасы  өзі жеген фастфуд тағамдарымен тамақтандырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ult.kz Uzbek-MDK телеграм арнасы жазды. Дәргерлер баланың ішегін кесіп алып тастауға тура келген. Сәби ауруханаға қатты құсу, ішінің кебуі, ауырсыну және ішкі қан кету белгілерімен жеткізілген.

Хирургтар зақымданған ішектің орнына уақытша стома қойған.  Бұл іш қабырғасынан қалдықтар шығатын арнайы тетік.

Бала жасанды ішекпен 6 ай бойы жүретін көрінеді, одан кейін ішекті қалпына келтіру бойынша келесі ота жасалады. 

Медицина мамандары заманауи тағамдардың құрамында дәм күшейткіштер мен қоспалар көп, ал олар сәбидің толық қалыптаспаған ағзасына ауыр тиетінін ескертеді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар