Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әкімнен тудың ба?!»: белгілі блогер көпбалалы аналарды сынға алды (ВИДЕО)

«Әкімнен тудың ба?!»: белгілі блогер көпбалалы аналарды сынға алды (ВИДЕО)
Сурет: ашық дереккөздерден
Блогер шағым көп айтатын көпбалалы аналарды сынады

Белгілі блогер Мөлдір Анарбаева көпбалалы әйелдерді ұрсып тастады. Айтуынша, әкімге, мемлекетке, қоғамға шүйліге беруді қою керек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтып, әйелдерге өз ақылын берді.

«Жау шаптыра бермей жап-жас аналар, ойланыңдар! Бәле іздеп, көштен бөлініп, 5-6 ау туғандарыңды міндетсінбеңдер! Ұят болады! Қайта жастар өмірге құштар болмай ма?!

Шеттей бала-шағаны шулатып әкімшілікке шүйлігіп жүретіндер де көп! Әкімнен тудың ба?! Көп балалы болсаң құдайға рахмет айт! Жетеді! Ешкімнің өмір сүргені ешкімге міндет емес!

Баланы тудың ба, жеткізу тікелей ата-ананың міндеті. Қатарынан қалдырма! Талпын! Өзіңнен-өзің қоғамға өкпелейсің, ертең сол қоғамға өкпелі ұрпақ өсіріп шығасың!

Аяқ-қолың сау ма, мына қоғамда жұмыс жоқ деген жалқаудың сөзі. Далаға шық! Өз үйіңді қоғамнан бөлшектеме! Жау іздеме! Жұртпен аралас! Балаңды өз үңгіріңе тықпа! Өзіңе қиып балаңды сүмірейтіп қойма! Талай бәлеқордың күндіз жұртпен, билікпен қырлысып кешке кафеде асыр салып, бес қатынмен билеп жүргенін де көрдік", - деді блогер.

Сонымен қатар, үйінен жырақта қыдырып жүретін декреттегі аналарды да сынап тастады.

"Сосын өң қатын болып кафелете бергенді қойсаңдаршы! Не пәле?! Не бітпейтін әңгіме?! Сырттан тамақ ішіп жырпыңдап кафеден шықпайтын қатынның іші қуыс, өзі салақ(тек бетін бояп алған) үйінде береке жоқ, негізі аш адам! Түк көрмеген, үйінің қызығын тауысқан адам!

Ара-тұра құдайдың жөні, күнара қаңғыған қатынға бәле жұғады. Әй, балаң не жеп отыр, сабағы қалай, сотка шұқып отырған жоқ па, деген уайым бар ма?! Біреу сенің балаңды қарық қыла ма?!

Кеше туып бүгін көше кезгендер де көп. Айналайын ау 40 күн шыдасаң қайтеді?! Өзің әлсізсің, нәрестең қатайған жоқ өлдің ба?! Қазақ бекерге қырық күн күтіндірмейді. Жалмаңдай бермеңдерші», — деп блогер қатаң сынға алды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар