Шерзат Полаттың өлімі: сотталушылардың бет-әлпетін көрсеткен операторлар жазаға тартылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:31
- 54

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот кезінде сотталушылардың түрін түсірген операторлар жауапқа тартылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Судья Ержан Жанұзақов әлеуметтік желіде тарап кеткен сотталушылардың видеоларына қатысты қызметтік тексеріс нәтижесін жариялады.
«Қызметтік тексеріс барысында сот процесінің онлайн трансляциясын уақытылы тоқтатпағаны анықталды. Соның нәтижесінде күдіктілердің видеосы эфирге шыққаны анықталды. Нәтижесінде техникалық қызметкерлер Рүстем Муксинов, Нәзира Оразәлиева және Сәуле Қайдағұлова тәртіптік жазаға тартылды», – деді судья.
Ал әлеуметтік желіде тараған екі адамның аудио жазбасына байланысты сот кеңесу бөлмесіне кетті. Ол дерде бірі «Көзімнен жас шығып кете жаздады, дұрыс сөйледім бе?» деп сұрайды. Екіншісі «Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама, сөйлесіп қойғанмын» деп жауап қатқан.
Сөйлескен екі адамның нақты кім екені белгісіз.
Ержан Жанұзақов сотқа байланысты тараған аудионы Алматы облысы прокуратурасының назарына алуға ұсынды.
«Сот жеке қаулы шығаруды қажет деп тапты. Прокурорға жазбаның шынайлығын, диалогқа қатысқан тұлғаларды, әңгіменің мазмұнын анықтап, тиісті шара қабылдау тапсырылды. Айта кетейін, Конституцияға сәйкес, істі шешетін – тек сот. Кез келген арандатушылық пен шуға жол берілмейді», – деді судья.