Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Біреудің шаңырағын бұзбаймын”: Ләззат Ахатова Мұхамеджан Тазабекпен байланысы туралы әңгімеге нүкте қойды

“Біреудің шаңырағын бұзбаймын”: Ләззат Ахатова Мұхамеджан Тазабекпен байланысы туралы әңгімеге нүкте қойды
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Белгілі адвокат өзін әңгімеге қосқан Нұрсейіт Жылқышыбайға ашуланды

Белгілі адвокат Ләззат Ахатова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың Мұхамеджан Тазабекке «Ләззатқа ғашық болдыңыз ба?» деп сұрақ қойғаны ашуына тиген.

«Мұхаңмен бірге оқыды деген атым болмаса, көп те араласпағанбыз. Мен тек Мұхамеджанмен емес, курстастардың денімен дос ретінде араласамын. Ол заңды да. Қазір ажырасып кетсем, немене міндетті түрде бірге оқыған біреумен жүру керек пе? Мен қанша жерден басым бос болса да, отбасылы азаматпен байланысқан емеспін, байланыспаймын да. Өзімнің отбасымның шырқы солай бұзылып, шаңырағым ортасына түскесін, ешқашан біреудің ұйып отырған шаңырағын бұзбаймын да, өзімдей анаға, әйелге титтей де зиянымды тигізбеймін. Менің өмірлік принципім сондай. Менің жеке өмірімді сөз етуге қақыңыз жоқ! Ажырассам, ерден ажырасқан шығармын, бірақ менің алтындай ұл-қызым бар, жалғыз емеспін”, - деп жазды ол.

Сонымен қатар, адвокат Мұхамеджан Тазабекті соңғы рет өткен жылы Серікзатпен бірге оразада кездескенін айтқан. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар