Қоғам
“Ұятты жерлеріне қол жүгірткен”: қайын атасы өз келінімен жыныстық қатынасқа түспек болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 мамыр, 2025
- 541

Ер адам өз келінін зорламақ болған
Ташкент қаласында қайын атасы келініне жыныстық сипаттағы әрекеттер жасамақ болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайын атасы келінінің ұятты жерлеріне қол жүгірткен. Оқиға Янгихаёт ауданында орын алған. 49 жастағы еркек ұлының отбасымен бірге бір үйде тұрған. Күйеуінің әкесінің арсыз әрекеттерін келіні полицияға хабарлаған.
Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты.
Сот оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 41-1-бабы (Жыныстық қолайсыздық көрсету) бойынша кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.