Қоғам
Павлодарда көлік өртеніп, ерлі-зайыпты балаларымен бірге зардап шекті
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 мамыр, 2025
- 27

Көлік өртеніп, бір отбасы ауруханаға жеткізілді
Павлодарда көлік өртеніп, ерлі-зайыпты балаларымен бірге ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодардағы Олжабай батыр көшесінде автокөліктің өртенгені туралы хабарлама түскен.
Өрт сөндірушілер жедел сөндіруге кірісіп, жарылысқа жол бермеді, – деді департаментте.
Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметкерлері мен ТЖД АМО бригадасы зардап шеккен 5 адамға, оның ішінде әйел мен күйік шалған жүргізушіні қарап, оларға көмек көрсетіп, балаларымен бірге ауруханаға жеткізді.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертті.