Қоғам
Маңғыстау облысында сәбиін үйдің терезесінің алдына тастап кеткен әйел іздестірілуде
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 мамыр, 2025
- 421

Әйел жаңа туған сәбиін тастап кетті
Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында үйлердің бірінің терезесінің алдына сәбиін тастап кеткен әйел іздестірілуде, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы жергілікті Lada сайты жариялады.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, нәрестенің анасының кім екені әлі анықталған жоқ.
«Ана мен бала» орталығындағы дәрігерлер қыз баланың денсаулығын жақсы екенін мәлім етті.
Айта кетсек, 5 мамырда таңертең сағат 9.30 шамасында жаңа туған сәби табылған болатын.