Франция президенті Макронның әйелі оны бетінен ұрғаны видеоға түсіп қалған (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 мамыр, 2025
- 319

Франция президенті Эммануэль Макронның әйелі оны тікұшақтан түсе бергенде бет-аузынан ұрғаны видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол іс-сапармен Вьетнамға келген.
25 мамырда Франция делегациясын Вьетнам президенті әкімшілігінің басшысы Ле Кхань Хай, Ханой халық комитетінің төрағасы Чан Ши Тхань, Вьетнам сыртқы істер министрінің орынбасары Ле Тхи Тху Ханг және Вьетнамның Франциядағы елшісі Динь Тоан Тханг қарсы алды.
Президент Эммануэль Макронның делегация құрамында Францияның экономика, қаржы, өнеркәсіп және цифрлық егемендік министрі Эрик Ломбард, қарулы күштер министрі Себастьен Лекорну, мәдениет министрі Рашида Дати, ішкі істер министрі Франсуа-Ноэль Буффе, Еуропа және сыртқы істер министріне қарасты франкофония және халықаралық серіктестік мәселелері жөніндегі делегат-министр Тани Мохаммед Соилихи және Францияның Вьетнамдағы елшісі Оливье Броше бар.