Мәдениет
Майра Ілиясова туған күнінде Мақпал Жүнісовадан 1 миллион теңге ақша алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 мамыр, 2025
- 9.0k

Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесінің туған күніне ақша берді
Әнші Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесі Майра Ілиясованың туған күніне не сыйлағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Майра Ілиясованың 70 жас мерейтойында тілек айтып, оның шотына 1 миллион теңге аударды.
«Шақырған қонақтарыңыздың бәрі келді. Ең бастысы, халық концертіңізді көріп, жасарып қалды. Туған күніңізге шапан әкелгім келді. Бірақ ондай шапанның сізде неше түрі бар. Сондықтан ұнатқан затыңызды аларсыз деген ниетпен шотыңызға 1 миллион теңге аудардым», – деді Мақпал Жүнісова.