Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Димаш билікке жаққан әнші»: журналист Димаш Құдайбергенді сынға алды

«Димаш билікке жаққан әнші»: журналист Димаш Құдайбергенді сынға алды
Сурет: жеке парақшасынан
Белгілі журналист Димаш Құдаайбергеннің өнері туралы сөз қылды

Белгілі журналист Гүлнәр Бажкенова танымал әнші Димаш Құдайбергенді сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

"Димаш билікке жаққан әнші. Бұл орынды да. Ол талантты, кішіпейіл жігіт. Халықтың басым бөлігі оны жақсы көреді. Концерттерінде стадиондар лық толы. Ол жастар үшін тамаша үлгі адам. Бірақ уақыт өтіп барады. 31 жаста. Димашқа енді болашаққа стратегия құру жағын ойланатын кез келді", – деп жазды ол. 

Журналист Димаш Құдайбергеннің ресейлік сазгер Игорь Крутоймен де не себепті араласпай кеткенін айтты.

"Қазақстандықтар Димашты әлемдік жұлдыз деп сүйіспеншілікпен айтады. Димаштың өз репертуары ешқашан болған емес. Барлығы-кавер нұсқалар. Композитор Игорь Крутоймен ынтымақтастық дұрыс болды ма, білмеймін. Бірақ қарым-қатынасы ұзаққа бармады. Бірде-бір альбом немесе сингл шыққан жоқ», – деп жазды журналист. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар