Басты жаңалықтар
Қазақстанда 2025 жылы балаларға ең көп қойылған есімдер тізімі жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 мамыр, 2025
- 101

Ұл балаларға жені қыздарға ең көп берілген есімдер белгілі болды
Қазақстанда ұлдар мен қыздарға қойылған танымал есімдер белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ұлттық статистикалық бюро сайтының мәліметі бойынша, 2025 жылы ата-аналардың ұл балаларына қойған ең танымал есімдер қатарына Айсұлтан, Мұхаммед, Омар, Алихан, Алдияр, Рамазан, Мухаммад, Амир, Алан, Хамза кіреді.
Ал қыздарға Айлин, Медина, Асылым, Айша, Мариям, Томирис, Аяла, Сафия, Раяна, Айым есімдері жиі қойылған.