Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Аяқ-қолымды скотчпен байлап тастады»: Түркістан облысында жалғызбасты ананы көмек көрсету орталығына мәжбүрлеп жатқызған

«Аяқ-қолымды скотчпен байлап тастады»: Түркістан облысында жалғызбасты ананы көмек көрсету орталығына мәжбүрлеп жатқызған
Сурет: видеодан скриншот
Әйел өзін беогісіз ер адамдардың өзін қинап көмек көрсету орталығына жатқызғанын айтып, президентке үндеу жолдады

Түркістан облысында жалғызбасты ана өз үйінде белгісіз ер адамдардың ұрлап кеткенін мәлімдеді. Айтуынша, оны балалардың көзінше күштеп Шымкенттегі Komek Center психологиялық көмек көрсету орталығына алып кеткен, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әйел Тоқаевтан көмек сұрап, видеоүндеу жасады. Сөзінше, оны ешқандай медициналық немесе құқықтық негізсіз ұстап қол-аяғын скотчпен байлап, белгісіз дәрілер салған. Одан бөлек құжатқа қол қойдырған.

«2025 жылы 25 сәуір күні таңғы сағат бес шамасында Түркістан қаласында үш белгісіз ер адам мені балаларымның көзінше күштеп алып кетіп Шымкент қаласындағы Komek Centr» орталығына апарды. Аталған оталық өздерін реабилитацияқ орталық ретінде таныстырып, мені медициналық немесе құқықтық негізсіз ұстап отырды. Мені есірткі немесе басқа да заттарға әуестігім жоқ екеніне қарамастан күштеп, ұрып-соғып қол қоюға мәжбүрледі. Қол қоймағаным үшін дәрі-дәрмек беріп есімді білмей қалу деңгейіне жеткізді. Бірнеше сағат аяқ-қолымды скотчпен байлап, жаным қиналғаннан өз-өзіме қол жұмсау мақсатында қолымды кестім. Жедел-жәрдем шақырту мақсатымен үйіме хабар жеткізгім келді. Алайда ешқандай медициналық көмек көрсетілмей, қайтадан аяқ-қолымды скотчпен байлап тастады. Он күн бойы заңсыз ұсталдым. Тек мамыр айының 5 күні ғана құтқарылдым», - дейді әйел.

Сондай-ақ, әйел орталықта кәмеоетке толмаған қыз-балалардың заісыз ұсталып отырғанын көргенін жеткізді. Осы жағдай бойынша Шымкент қаласы полиция департаментіне арыз жазған. Алайда ешқандай тергеу әрекеті жүрмей отырғанын мәлімдеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар