Қоғам
Атырауда SCAT әуекомпаниясының қызметкерлері багажы жоқ жолаушының атына екі сөмке балық тіркеген
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 мамыр, 2025
- 1.9k

Жолаушыны полиция қызметкерлері ұшақтан түсіріп, үстінен қылмыстық іс қозғаған
Атырауда SCAT әуекомпаниясына қатысты шулы оқиға орын алды. Алматы бағытына ұшқан жолаушыны өзіне тиесілі емес багаж үшін борттан түсірген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Анықталғандай, екі чемоданның ішінде балық болған. Бұл туралы Рүстем Баязиев желідегі парақшасында жариялады.
Айтуынша, әуекомпанияның қызметкерлері жолаушының хабарысыз багажды соның атына жаздырып жіберген.
“Әуекомпанияның қызметкерлері жолаушының атынан екі сөмке зат жазып жіберген. Оны өзі білмейді. Ұшаққа отырғанда полиция қызметкерлері қылмыс қозғап, жолаушыны түсіріп алған. Ол аң-таң, ештеңе білмейді. Тергеу әрекетін жүргізіп сөмкені ашса, ішіндегі балық екен. Заңсыз балық тасымалдап жатыр. Көлік министрі бұл не масқара?”, - деді блогер.