Денсаулық
Көкшетауда энергетикалық сусын ішкен оқушының асқазаны тесіліп кеткен (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 мамыр, 2025
- 125

Энергетикалық сусын көп ішкен оқушыға ота жасалды.
Көкшетауда 16 жастағы оқушы энергетикалық сусындарды жиі тұтыну салдарынан ауруханасына жеткізіліп, шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның қатты іші ауырған. Ота кезінде асқазандағы жара тігіліп, іш қуысы іріңнен тазартылып, дренаж қойылды.
«Науқаста перфоративті жара және жайылған іріңді перитонит анықталды. Мұндай ауыр диагноздың себебі – энергетиктерге әуестік. Оның денсаулығы бұрынғыдай болмайды. Асқазанда тыртық пен жара іздері қалады», – деді Хирургия бөлімінің меңгерушісі Ернар Қожабеков.
Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімді алда ұзақ оңалу кезеңі күтіп тұр.