Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дженифер Лопестің Алматыда өтетін концертіне бүгін 10:00-де билеттер сатылымы басталады

Дженифер Лопестің  Алматыда өтетін концертіне бүгін 10:00-де билеттер сатылымы басталады
Сурет: newsmuz.com
Дженифер Лопестің концертінің билеттер бағасы 40 теңгеден басталады

Алматыда 10 тамызда жоспарланған Дженнифер Лопестің концерті өтетін болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Концерт ұйымдастырушылары Алматы қаласының спорт нысандары дирекциясы және "Қайрат" футбол клубының басшылығымен келісімге келді.

Олар "Қайрат" – "Жеңіс" матчын 2025 жылдың 21 қыркүйегіне ауыстыру туралы келісті.

"Бұл шешім Дженнифер Лопестің концертін бұрын жарияланған мерзімде өткізуге мүмкіндік береді және футбол мен мәдени іс-шара көрермендері үшін қолайлы жағдайды сақтап қалуға септігін тигізеді", – делінген хабарламада. 

Дженифер Лопестің концертінің билеттері 28 мамыр күні сағат 10:00-ден бастап сатылымға шығады. Билет бағасы 40 мың теңгеден басталады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар