Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Қаржы министрлігінің үстінен қылмыстық іс қозғалған шенеунігі өзіне қол салмақ болды

Қаржы министрлігінің  үстінен қылмыстық іс қозғалған шенеунігі өзіне қол салмақ болды
proforientator.ru
Ол өзін - өзі өлтіруге ұмтылып жарақат алған. Қазір ауруханада.

Қаржы министрлігінің департамент басшысы өзіне қол салуға ұмтылып, жарақат алған. Болған жағдайдан кейін ауруханаға жеткізілді. Бұл жағдай Іле ауданында 27 мамыр күні болды.

Бейресми ақпарат бойынша шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оны  Алматы облыстық жемқорлыққа қарсы агенттігі жүргізіп жатқан көрінеді. Шенеуніктің өзіне қол салуына сол тергеп-тексеру әрекеттері себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Полиция болған жағдайды растап отыр. Бірақ, толығырақ ақпарат таратуға тергеу ісі жүріп жатқандықтан рұқсат жоқ екен.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар