Басты жаңалықтар
ҚМДБ Құрбан айт қай күні басталатынын ресми түрде жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 мамыр, 2025
- 371

Құрбан айт биыл 6 маусымға сәйкес келіп тұр
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан айтқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды
ҚМДБ бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталғанын мәлімдеді. Арафа күні 5 маусымға, ал Құрбан айт 6 маусымға түседі.
Зулхижжа айының алғашқы он күнінде құлшылық жасалып, игі амалдар мен сауапты істерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады. Хадистерде бұл күндері жасалған жақсылықтардың сауабы еселеніп жазылатыны баяндалған.
Айта кетсек, Құрбан айт 6 маусым жұма күніне сәйкес келіп тұр. Яғни аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар бір күн демалады.
Келесі мақала
Шерзат Полат ісі: судья соттан шеттетілуі мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Шерзат Полат ісі: судья соттан шеттетілуі мүмкін
- авторТомирис Тоныкөк
- 28 мамыр, 2025