Басты жаңалықтар
Шерзат Полат ісі: судья соттан шеттетілуі мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 мамыр, 2025
- 467

Абзал Шынасылдың қорғаушысы судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді
28 мамырда өткен Шерзат Болаттың ісі бойынша кезекті сот отырысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Жоғарғы соттың Telegram-дағы арнасы хабарлады.
"Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді.
Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды", - делінген хабарламада.
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі өкілдері сот процесінің нақты басталу уақыты туралы қосымша хабарлайтынын мәлім етті.