Қоғам
Қазақстандықтардың зейнетақысы қашан өсетіні белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 мамыр, 2025
- 159

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардың зейнетақысы қашан өсетіні туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жақыпованың айтуынша, қазір мемлекет өзіне алған барлық міндеттемелерді орындап жатыр.
«Ешқандай өсім болмайды (екінші жартыжылдықтан – ред.) Индексация жыл басында жүргізілді, ал 1 қаңтардан бастап барлығы өсті», - деп жауап берді шенеунік.
Сонымен қатар, зейнетақы енді қашан өседі деген сұраққа да жауап берді.
"Зейнетақы келесі 2026 жылы өсетін болады. Екінші жартыжылдықта (2025 ж. – ред.) әзірге өсіру жоспарда жоқ", - деп жауап берді министр.