Қоғам
Антикордың шамына тигені үшін ақтаулық блогер 20 күнге қамалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 мамыр, 2025
- 313

Блогерге «көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айып тағылды
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев 20 күнге қамалды. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалған ақпарат таратқаны үшін айып тағылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Айта кетсек, ол өз жазбасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің бірін сынға алған.
28 мамыр күні сот отырысы өтіп, блогер 20 тәулікке қамалды.
«20 күннен кейін көрісеміз. Достар, бұл масқара. Сот жүйесіне және жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін ұят нәрсе», - деді блогер.
Блогер сот шешімімен келіспейтінін жеткізді. Сотқа апеллияциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.