Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өтіріктері шығып жатыр»: Шерзат Полат сотында куәгер деп танылған екі қыздың көлікте сөйлескен әңгімесі тарады (ВИДЕО)

«Өтіріктері шығып жатыр»: Шерзат Полат сотында куәгер деп танылған екі қыздың көлікте сөйлескен әңгімесі тарады (ВИДЕО)
Сурет: alash.kz
Сотта көрсетілген бейнежазбада күдіктілер мен екі куәгер қыздың көлікте не туралы сөйлескендері көрсетілді

Шерзат Полат сотында Шерзат жараланған соң оқиға орнынан қашып кеткен күдіктілер мен екі куәгер қыз отырған көліктегі бейнекамера тексеріліп жатыр. Бұл видеоны жәбірленуші тарап ұсынған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бейнежазба тікелей сотта көрсетілді.

Көлікте Нұрқияс Ілиясов, Абзал Шынасыл және куәлер Жақсыгелді Дана, Нұрбекова Эльмира мен  Юлдашев Арлан отырған.

Бейнежабада балағат сөздер көп айтылған және олардың әзілдесіп күлгені де байқалады. Тіпті екі куәгер қыздың басқа күдіктілермен емін-еркін сөйлескені және оқиға туралы талқылаған сөздері анық естіледі.

Желі қолданушылары екі қыздың бұл әрекетін сынға алып, оларды да жазалау керектігін жазуда.

«Екі қатынмен қоса соттау керек жауыздарды», «Шокта болдық біздер деп екі сайраған қатындардың , барлық өтіріктері шығып жатыр», «Осы екі қатынды отырғызу керек», «Адам өлтіріп келе жатырғандарына қарамастан мәз ғой, оңбағандар» деп жазды олар.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар