Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Басымды оқтаумен жарды»: Қарағандыда асыранды балаларды қорлап, азаптаған

«Басымды оқтаумен жарды»: Қарағандыда асыранды балаларды қорлап, азаптаған
Сурет: газета.ру
Асыранды балалар үй иелерінің өздерін қалай азаптағаны туралы айтты

Қарағандыда асыранды балаларды азаптап, әбден қорлағандарға қатысты сот болып жатыр. Бүгінгі отырыста қорлық көрген жетімдер түсініктеме бере бастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Қора-қопсыны тазалау сияқты қара жұмысқа жегіліп, үнемі ашқұрсақ жүрген баланың бірі қалай мүгедек болып қалғанын айтып берді. Тағы бірі тоқпақтың күшімен сол үйдің ұл‑қызын ханзада мен ханшайым деп атауға мәжбүрленгенін де жеткізді.

Бұл бала патранат отбасында тұрған бес жылда көрмеген қорлығы жоқ. Ал оны баққаны үшін бюджеттен алатын ақшаға екі рет қора тазалауға киетін резіңке етік алып беріпті. Бір рет спорт аяқ киімін алғанын айтады. Жаңа киім киіп көрмеген, ел беретін ескі-құсқыны киген. Үй иелері балаларды құл ретінде жұмсап келген.  

Тағы бір бала үй иелері қит етсе, көкала қойдай қып сабап, нәр татырмай қоятынын айтты. Үйдегі үлкен-кіші қолына не түссе, сонымен ұрып, жетімдерді әбден қорлаған.

Сарапшылар үнемі таяқ жеп келген балалардың денесінен 19‑дан 47-ге дейін тыртықтарды анықтаған. Сол үйде жүріп 8 жасында оқтаумен басы жарылған тағы бір бала жансақтау бөлімінен бірақ шыққан. Басының бір бөлігінде пластина тұр, қазір ол мүгедек.

«Менің басымды оқтаумен жарды, «әткеншектен құладым» деп айта сал деді. №45 кварталда ауруханада жатқан кезде дәрігерлерге «мені оқтаумен ұрды» деп айттым. Мына жерімнен оқтаумен ұрды, мына жеріме пластина қойды. Мына жерімді тікті», - дейді жәбірленуші.

Осы жайттан кейін жәбір көрген балалар үйіне қайтып, азаптан құтылған. Қалған балалар үйде көріп жүрген қорлығын мектепте мұғалімдерге жеткізіп отырдық дейді. Бірақ сол кезде елең еткен пенде болмаған. Қылмыстық іс одан көп кейін қозғалып отыр. Сотта  қалған балалардан да жауап алынатын болады.


 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар