Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-тің жаңа штамына қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-тің жаңа штамына қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: biocor-tech.com
АҚШ-та COVID-тің жаңа штамы пайда болды.

Елімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елдегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізіледі.

"Жыл басынан бері COVID-19-дың 362 жағдайы тіркелді. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 3,4 есеге төмендеген, өлім жағдайы тіркелген жоқ. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр, пациенттер амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.

Елімізде вирустың айналымы мен оның әртүрлі нұсқаларына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.

"Жүргізілген зертханалық бақылау нәтижелері бойынша биылғы жылы Қазақстанда анықталған барлық 100 пайыз жағдайларда Омикрон нұсқасы айналымда болды. Атап айтқанда, JN.1 қосалқы түрі және оның LF.7.1.3, LP.8.1, LF.7.6 және KP.3.1.1 тармақтары анықталған".

Айта кетсек, АҚШ-та NB.1.8.1 деп аталатын жаңа COVID нұсқасы таралып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Сарапшылар жаңа COVID штамы вирустың басқа нұсқаларына қарағанда жұқпалы екенін айтуда. Бұл алғаш рет Қытайда биыл қаңтарда анықталған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар