Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Тұрсен зиян шай шығарып, Баян қыздарыңның санасын улап жатыр»: Ахметбек Нұрсила кәсіпкер Алагөзовке қарсы шықты

«Тұрсен зиян шай шығарып, Баян қыздарыңның санасын улап жатыр»: Ахметбек Нұрсила кәсіпкер Алагөзовке қарсы шықты
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Белгілі кәсіпкер жұмыскерлеріне 100 пәтер сыйлаған Тұрсен Алагөзовті сынады.

Ахметбек Нұрсила жұмыскерлеріне пәтер сыйлаған кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Баян Мақсатқызының кәсіпкер күйеуі сыра мен зиян шай шығару арқылы ұрпақты улап жатыр.

“Бірнеше жұмыскерлерге пәтер бергені үшін тіліңді де, діліңді де сата салған дұрыс емес! Тұрсен сыра мен зиян шай шығару арқылы ұрпағыңды улап жатыр. Баян қыздарыңның санасын улап жатыр. Бұл менің пікірім! Менің пікірім дәл сіздікіндей болуға тиісті емес, олай болуы мүмкін де емес! Біз отардағы қой емеспіз, маңырап иесі қайда айдаса сонда жүре беретін! Әркімде өзінің пікірі болуы, оны ашық айта алуы қалыпты дүние. 70 млрд теңге пайда тапса, жұмыскерлеріне дұрыс жалақы төлемеген, сол ақшаға халыққа зиянды сусындар сатып улаған. Дұрыс жалақы төлесе 15-20 жыл жұмыс істеген адамдар үйсіз-күйсіз жүрмеуі керек қой”, – деп жазды кәсіпкер. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар