Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Полаттың өлімі: сотта Қаржаубай Нұрымовтың отбасы айыпталушылардан 600 миллион теңге моральдық өтемақы талап етті

Шерзат Полаттың өлімі: сотта Қаржаубай Нұрымовтың отбасы  айыпталушылардан 600 миллион теңге моральдық өтемақы талап етті
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Сотта адвокат Қаржаубай Нұрымовтың отбасы айыпталушылардан моральдық өтемақы ретінде қанша теңге талап ететінін оқыды.

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев айыпталушылардан талап етілетін моралдық өтемақының мөлшерін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

⁠Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсімімен қатысты жұмсалған шығынның өтемі ретінде бірінші Шынасыл Абзалдан 2 794 000 теңге мөлшеріндегі өтемақы сұралды.

“Шынасыл Абзал және Равиль Сәкеевтен ортақтастырып, үлестік нормада Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықтың моралдық зиынының өтеуі ретінде 100 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді сұраймыз. Үшінші, Шынасыл Абзал мен Сәкиев Равиль ортақтасқан үлестік түрде Бишімбиева Гүлбара қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зияынының өтуі ретінде 100 миллион теңге өтемақы өндіруді, төртінші Шынасыл Абзал және Сәкиев Равилден ортақтасқан үлестік нормада Жұмабике Қадырованың қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зияынының өтуі ретінде 100 миллион теңге өтемақы өндіруді сұраймыз», - деп оқыды адвокат.

Сонымен қатар, Белқожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ильясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаев Нұрболат, Қалиахмет Дидардан Бейшембиева Гүлбараға және әжесіне 20 миллион теңгеден өтемақы өндіру сұралды.

«Қаржаубай Нұрымовтың  пайдасына Белғожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаева Нұрбол, Қалиахмет Дидар, яғни әр қайсысынан 20 миллионан, жалпы сомасы 120 миллион теңге мөлшерінде өтемақы төлеу, осы адамдар Бишімбиева Гүлбараға қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моральдық шығынның өтеуі ретінде әр қайсысынан 20 миллионнан, жалпы сомасы 120 миллион теңге мөлшерінде және Жұмабике Қадырованың қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моральдық зияынының өтеуі ретінде әрқайсысынан 20 миллионнан, жалпы сомасы 120 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді сұрап отырмыз”, – деп оқыды адвокат.  

Ары қарай адвокат қосымша жерлеу рәсіміне кеткен шығындардың түбіртектері тіркелгенін атап өтті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар