«Намазға рұқсат бермеймін»: “Перзент” балалар үйінің басшысы ұл-қыздарының дінге деген көзқарасын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2025
- 113

“Перзент” балалар үйінің басшысы Әмина қажы Әжібаева балалар үйіндегі тәрбиеленуші ұлдардң барлығы намаз оқитынын айтты. Алайда, 13 жасқа толмаған қыздарға рұқсат бермейтінін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында әңгіме қылған Әмина қажы алдағы жоспарларымен де бөлісе кетті.
”Балалар өздері орамал таққанды жақсы көреді. Әйтпесе күштеп кигізбеймін. Қыздар 13 жасқа толған жоқ. Оларға намазға рұқсат бермеймін. Қазір намаз оқымайды. Ал ұлдардың барлығы жасқа қарамайды, оқиды. Ешқайсысын дінге мәжбүрлемеймін. Мысалы, моншадан шыққанда қыздар шаштарын жайып жүреді. Шаш кебу керек қой, әйтпесе биттеп кетеді ғой”, – дейді ол.
Бұдан бөлек Әмина қажы кезінде бұрынғы президент Назарбаевқа қара жамылғандарды кіргізгені үшін қарсы шыққанын айтты.
“Кезінде Назарбаев қара жамылғандарды кіргізгенде қарсы шыққан едім. Содан мені ол кісі жек көріп кетті. Одан кейін шетелге бала сатқанын да бетіне бастым. Жетімдер үйіне көмектескен емес. Менің тілім ащы, тиісіп қалдым. Кейін өз қыздарым ренжіп, үндемеші деп жалынды”, – деді Әмина апа.