Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2025
- 199

Ғасыр жасаған Александр Журавлев сергек, әрі ширақ көрінеді. Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері ардагерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтау хатын табыс етті.
Александр Журавлев соғыстың қызған шағында майданға шақырылды. Ол 1943 жылы 17 жасқа толды. Карелия майданында зеңбірекші-барлаушы болып соғысуға тура келді. Бір жылдан кейін Украинаны азат етуге қатысты. Эльба өзенінен өтті. Жеңісті Берлинде қарсы алды. Онда жау сарбаздары кескілескен шайқастан бөлек, қоян-қолтық ұрысқа түсті.
Соғыстан кейін Александр Степанович тағы бес жыл Будапешт пен Дағыстанда әскери қызметін жалғастырды. Ал запасқа шығарылғаннан кейін құрылыс инженері ретінде бейбіт кәсіпті таңдады.
Әскери ерліктері үшін Александр Журавлев І дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Берлинді алғаны үшін", "Праганы алғаны үшін" және бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Атырау облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында бапкер құдыққа құлаған қызды құтқармақ болып, өзі қайтыс болды
- авторkyn.kz
- 20 маусым, 2025