Қоғам
Атырау облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2025
- 353

Жанармай бекеті жарылысынан екі адам қаза тапты.
Атырау облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды. Салдарынан 2 адам мерт болып, 14 адам зардап шекті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс салдарынан үш қабатты ғимарат, газ құю станциясы және сол маңға жақын орналасқан екі қабатты ғимарат өртенген.
«Жарылыс салдарын жоюға 60 құтқарушы мен 10 техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру мен адамдарды қауіпті аймақтан эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде», — деп хабарлады Атырау облысы ТЖД.