“Сіздерді өте сағындым”: Кәмшат Жолдыбаева көрінбей кетуінің себебін түсіндірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2025
- 981

"Кешью" тобының бұрынғы солисті Кәмшат Жолдыбаева көпшілікке жақында өнім ұсынатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі оқырмандарын сағынып жүргенін жеткізді.
"Қайырлы кеш ! Қалайсыздар ? Инстаграмдағы көптееен бергі бір көрінуім әдемі болсын деп, үстіме көйлегін киіп жүріп өттім... Негізі инстаграмға аз шығатын немесе тіпті шықпайтындарға қызығамын. Нағыз өмір - экранның бер жағында ғой... Дегенмен арасында өздеріңізбен хәл алысып тұрған да жақсы ау. Оның үстіне, сіздерге арнап жақында бір өнімді ұсынамын , Аллаһ қаласа. Қандай өнім екеніне варианттар болса , жазып кетіңіздер. Сіздерді өте сағындым", - деді әнші.
Желі қолданушылары да өз кезегіеде сағыныштарын жеткізді.
"Жаным, қайда жүрсің", "Құдай ау шықты ау әйтеуір. Сағынған адам баршылық екен", "Кәмшатты көріп қуанып қалдық", - дейді желі қолданушылары.