Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бұрынғы сүйіктім министр": Никонет атымен танымал трансгендер Үкіметтегі махаббаты жайлы айтты

"Бұрынғы сүйіктім министр": Никонет атымен танымал трансгендер Үкіметтегі махаббаты жайлы айтты
Никонет Инстаграм
Никонет: Ол маған ертегідегі ханшайымға қарағандай қарады.

Қазақстандық танымал тиктокер әрі блогер Никонет (niko_nett) алғаш рет жоғары лауазымды шенеунікпен болған  романы туралы ашық айтты. Оның айтуынша, бұрынғы сүйіктісі министр лауазымында.

«Менің бұрынғы жігітім министр болды. Мен бұған дейін осы жағдай жайлы ешқашан айтқан  емеспін. Ол үйленбеген. Мен үйленгендермен кездесуден принципті түрде бас тартамын. Ол алты ай бойы менің армандарымды орындап, бар жақсыны маған ұсынды . Миллиондар, гүлдер, сыйлықтар — мені бақытты ету үшін бәрін жасады. Бұл ертегі сияқты болды. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді екен.», — деп жазды Никонет Instagram сторисінде.

Блогердің айтуынша, алты айлық қарым-қатынас барысында ер адам оған назар аударып, қамқорлық жасап, материалдық қолдау көрсеткен. Дегенмен министр қанша талпынғанымен Никонеттің жүрегін жаулай алмапты.

Никонет бұрынғы сүйіктісінің аты-жөнін айтпады. Оған үлкен себеп те бар. Ол өзіне қамқорлық көрсетіп, махаббатын паш еткен азаматтың мансабына нұқсан келтіргісі келмейтінін ашып айтты.

Нико Неттің желідегі видеолары мен фотолары көздің жауын алады. Оны тіпті ерекше жаратылған сылқым деп қалуыңыз да мүмкін. бірақ Никонет өзінің трансгендер екенін, осы сұлулыққа жету үшін ондаған ота жасатып, әр ай сайын осы сұлулықты сақтау үшін миллиондар жұмсайтынын жасырмайды. Бір сөзбен айтқанда, жай жігіт оның шығындарын көтере алмасы анық.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар