Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"5 бала жетім қалды": 20 жылдыққа барған әйелді қызғанған күйеуі атып өлтірлі

"5 бала жетім қалды": 20 жылдыққа барған әйелді қызғанған күйеуі атып өлтірлі
әлеуметтік желі
Ер адам бірден қамауға алынды.

Оқиға 26 мамыр күні Өзген ауданында болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 1987 жылы туған қырғыз азаматшасы сыныптастарымен кездесуге барған. Осыдан кейін 40 жастағы күйеуі әйелінің бұрынғы сыныптастарының бірімен араласуына ашуланып, әйелін алдымен ұрып-соғып, кейін оқ атқан.

Келіншек ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Күдікті қолға түсті.

Марқұмның анасы бұл оқиғаға қатысты жүрек ауыртар мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қызы кездесуге боянып-сыланбай, қарапайым күйде барғанымен, қызғаншақ күйеуіне бұл да жеткіліксіз болған.

«Қолынан келсе күйеуін өртеп жіберер едім», – дейді қара жамылған ана. – «Қызым біреудің қолын ұстаған жоқ. Бірақ сол тойға барғаны үшін жанынан айырылды».

Қырғыз ақпарат агенттіктері олардың ортақ 5 баласы барын айтты. Марқұмның туыстары күйеу балалары үнемі әйелін қызғанып, жанжал шығарып, оны осы күнге дейін қысымда ұстап келгенін айтты.

Полиция бұл қылмысты тұрмыстық және қызғаныш себептерімен жасалған деп бағалап отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар