Илон Маскпен «махаббат» достығын ақтауға тырысқан Мелони Қазақстан президенті жайлы пікірін айтты
- автор kyn.kz
- 31 мамыр, 2025
- 124

Иә, тақырыпты дұрыс оқыдыңыз. Ресми кездесулерде жиі басқосып қала беретін Илон Маск пен Италияның министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони саясат сахнасындағы беделін сақтау үшін тіпті миллиардермен арадағы қарым-қатынасын шенеуніктер алдында қорғауға тура келген. Екеуінің бір-біріне деген отырыстардағы көзқарасы тым романикалық деп бағаланып, қоғамдық шу да болған. Бұл Астанаға ресми сапармен келген Мелони ханымның бір ғана оқиғасы.
Үш жасар шағында әпкесі екеуі үйлерін өртеп алып, кейін Римнің ең ауқатты ауданынан басқа ауданға көшуге тура келген. Үйін ғана емес, дәл қазір халықаралық саясатты да «жандырып» жүрген Джорджа Мелони Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті әрі екіжақты маңызды құжаттарға қол қойды.
Бұдан бөлек, бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысып, Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен бірге бірлескен декларация да қабылдады.
«Сізді мен кездестірген ең прагматик көшбасшылардың бірі деп санаймын. Қазіргі сын-қатерлерді терең түсінетін адаммен сөйлесу – үлкен мәртебе», деп Қасым-Жомарт Тоқаев туралы баға берген Мелони еліне қайтты. A Presto!