«Өмірімдегі үлкен трагедия»: белгілі актриса «Алтын ханым» жобасында 20 жыл бойы көрмеген ұлын айтып, жылап қалды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 маусым, 2025
- 151

Белгілі актриса, опера әншісі, көпшілікке "Бөрте" спектаклі арқылы танылған Әйгерім Шәріп 20 жыл бұрын күйеуі алып кеткен ұлын еске алып, сахнада жылап жіберді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иесі Баян Алагөзованың «Алтын ханым» жобасында мәлімдеді.
Ол 18 жасында тұрмысқа шыққан. Алайда отбасылық бақыты ұзаққа бармаған. Бұрынғы күйеуі баласын балабақшадан алып, шетелге қашып кеткен. Содан бері әнші ұлын көрмепті.
«20 жыл баланы көрмеу — менің өмірімдегі үлкен трагедия. Әрине баламмен қауышқан кезде мен оған оны қалай жақсы көретінімді айтамын. Бүгін менің барлық отбасым, анам, ағам, келінім бәрі осында.
Ескендір, біз сені қатты жақсы көреміз. Сені қатты сағындық. Өзіңмен жақын арада кездесеміз деп ойлаймын. Мен осы сахнада тұрып, ішкі жан сырым мен өмірімдегі үлкен өтінішімді айтып тұрмын. Барлық дұға еткен қазақстандықтарға алғысым шексіз. Алланың құлағына шалынсын, көп рахмет!», — деді ол.