Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дидар Қалиахметтің адвокаты марқұм Шерзат Полат пен Ғайыпбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады

Дидар Қалиахметтің адвокаты марқұм Шерзат Полат пен Ғайыпбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады
Сурет: Qaz365.kz
Дидар Қалиахметтің адвокаттары жарыссөзде оны ақтауды сұрады.

Шерзат Полаттың өліміне қатысты соттың жарыссөзінде сотталушы Дидар Қалиахметтің адвокаттары сөйледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Адвокат Алмас Мырқасымбаев өз қорғауындағы сотталушы Дидар Қалиахметті ақтауды сұрады. Сөзінше, ол ешкімге тән азабын келтірмеген.

«Ол бірде-бір адамға жан немесе тән азабын келтірмеген. Сол себепті одан жәбірленушілер талап еткен талапты алып тастауды сұраймын», – деді Мырқасымбаев.

Екінші адвокаты Гаухар Баймұханова Шерзат Полат, Нұрқанат Ғайыпбаев, Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады.

«Дүкеннен пышақты бірінші болып алып шыққанын ескере келе, Шерзат Полатты, Нұрқанат Ғайыпбаевты, Қаржаубай Нұрымовты қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша көрсетілген қылмыстық құрамның болуына байланысты қылмыстық іс қозғау туралы жекеше қаулы шығаруды сұраймын. Аталған қаулыны Алматы облысы прокуратурасына жолдауды өтінемін», – деді ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар