Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жабырқап тұр ғой»: желіде Әлия Әнуарбекке сырға салып жатқан сәттің видеосы тарады (ВИДЕО)

«Жабырқап тұр ғой»: желіде Әлия Әнуарбекке сырға салып жатқан сәттің видеосы тарады (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Актриса Әлия Әнуарбектің құлағына сырға салынды

Бірнеше жыл бұрын күйеуі бақилық болған актриса Әлия Ануарбекке сырға салынған сәті бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Видеода әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанованың актриса Әлия Ануарбекке сырға салып жатқанын байқауға болады.

«Құлағына сырға салуға келіп қалдық. Сырғамыз салтанатты, құдалығымыз құтты болсын», – дейді Мөлдір Мұқанова.

Бірақ актрисаның өзі сырға салуға қатысты ешқандай ақпарат бермеді.

Еске салсақ, актриса Әлия Әнуарбек Ақан Сатаевтың “Ағайынды” телехикаясы, “Жаужүрек мың бала” фильмі арқылы көрерменге танылған актриса.  

Желі қолданушылардың бірі актрисаға бақыт тілесе, енді бірі бұл киноның үзіндісі екенін жазуда.

Олар «Марқұм күйеуін ойлап тұр», «Жаным, жабырқап тұр ғой», «Дұрыс, күйеуінің қайтыс болғанына біраз болды. Әр адам бақытты болуға лайық», «Кино сияқты, бұл қыз әлі бірінші күйеуін ұмытпаған», «Бағы жансын, бірақ неге көңілсіз» деп жазды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар