Басты жаңалықтар
Астанада автобус бағанаға соғылды: оқушы қыз аяғынан айырылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 маусым, 2025
- 905
Астанада жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Астанада 2 маусым күні жолаушылар автобусы «Самал» ықшамауданының маңындағы бағанаға соғылып, салдарынан 15 адам жарақат алған болатын. Оның үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайжы KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ауруханаға жеткізілген жолаушылардың жағдайы ауыр. Бір қыздың аяғы кесілгені белгілі болды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастардың жағдайы ауыр және өте ауыр деп бағаланып отыр.
«Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі», — деп хабарлады Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетсек, Астанада автобус жол белгілері бар тірекке соғылған. Жол апаты Республика даңғылында болды.
Келесі мақала
Құрбан айт - 2025: бұл күні қандай амалдар жасалынады?
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қар, боран, үскірік аяз: 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы айтылды
- авторkyn.kz
- 24 қаңтар, 2026
Басты жаңалықтар
Мас күйде көлік жүргізген судья Әсел Досаева қызметінен босатылды
- авторkyn.kz
- 24 қаңтар, 2026




