Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

+43°С дейін көтеріледі: маусым айына арналған ауа райы болжамы

+43°С дейін көтеріледі: маусым айына арналған ауа райы болжамы
Сурет: Анна Акельева / Коммерсантъ
Маусым айында елімізде күн қатты ысиды.

Синоптиктер маусым айында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Республика бойынша ауа райы тұрақсыз болады: салқын және ыстық кезеңдер алмасып, жаңбыр, жекелеген күндері қатты жаңбыр және найзағай, бұршақ, қатты жел болады. Кейбір күндері шаңды дауылдар да болуы мүмкін.

Маусымның бірінші онкүндігінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жиі қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр жауады деп күтіледі.

Еліміздің батысында ауа температурасының түнде +17+22°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз +27+32°С-тан +20+25°С-қа дейін төмендеуі күтіледі, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай және Ұлытау облыстарында - түнде +18+28°С-тан +12+23°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +20+30°С-қа дейін төмендеуі, бірақ онкүндіктің соңында күндіз температураның +25+32°С дейін көтерілуі болжанады.

Солтүстік және орталық аймақтарда ыстық бірінші онкүндіктің ортасында бәсеңдейді, температура түнгі уақытта +10+15°С-тан, қиыр солтүстікте 7°С-тан +15+20°С-қа дейін ауытқуы ықтимал, күндіз +25+30°С-тан +18+25°С-қа дейін төмендейді.

Республиканың шығысында онкүндіктің көп бөлігінде температуралық фон түнде +10+15°С, оңтүстікте +20°С, күндіз +22+30°С, оңтүстікте ыстықтау - +35°С шамасында болады, бірінші онкүндіктің соңында - екінші онкүндігінің басында ауа температурасының шамалы төмендеуі күтілуде.

Еліміздің оңтүстігінде және Жамбыл облысында тіпті түнгі уақытта да күн ыстық болады, термометрлердің көрсеткіштері +20+28°С, күндіз +35+43°С дейін жетеді, алайда бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасының шамалы төмендеуі күтілуде, күндіз +28+33°С дейін.

Республиканың оңтүстік-шығысында Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады, түнде +10+15°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +30+35°С-қа дейін, таулы аудандарда түнде +2+7°С-тан +7+12°С дейін, күндіз +10+15°С-тан +20+25°С-қа дейін, онкүндіктің екінші жартысында күндіз +25+30°С күтіледі.

Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ең ыстық күндерде ауа температурасы +33+40°С дейін, қиыр оңтүстік-батыста, оңтүстікте +43°С дейін көтеріліп, салқын күндерде +22+27°С дейін төмендейді.

Елдің солтүстік жартысында, орталықта және шығыста ауа температурасының түнде +15+23°С -тан +2+10°С -қа дейін, күндіз +25+38°С -тан +15+27°С -қа дейін ауытқуы күтіледі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар