Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанадағы автобус апаты: аяғынан айырылған 8 жасар қыздың отбасына 19,6 миллион теңге беріледі

Астанадағы автобус апаты: аяғынан айырылған 8 жасар қыздың отбасына 19,6 миллион теңге беріледі
Сурет: depositphotos.com
Автобус апатынан зардап шеккен 15 адам төлем ала алады.

Астанада автобуспен болған жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен 8 жасар қыздың отбасына өтемақы төленеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Зардап шеккен 15 адам төлем ала алады. Өйткені автобус жүргізушісі "Евразия" СК-да тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шеңберінде сақтандырылған. Олар амбулаториялық немесе стационарлық емдеуге жұмсалатын шығын үшін кемінде 200 АЕК яғни 786 мың теңге алады.

Ауруханаға жатқызылған үш жолаушы ауыр жағдайда жатыр. Әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен алты бала медициналық мекемелерге жеткізілді. Ал 8 жасар қыздың аяғына ампутация жасалды. 

Мүгедектік алған кездегі сақтандыру төлемдерінің мөлшері:

  • I топ – 5 000 АЕК немесе 19,6 млн теңге;
  • II топ – 3 500 АЕК немесе 13,7 млн теңге;
  • III топ – 2 500 АЕК немесе 9,8 млн теңге;
  • Балаға (мүгедектік тобына қарамастан)  – 5 000 АЕК немесе 19,6 миллион теңге.

Астана әкімдігінің айтуынша, автобус жүргізушісінің 15 жылдан астам тәжірибесі бар және көлік жүргізген кезде сау болған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар