Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жетімдер үйінде кәмелет жасқа толмаған қыз зорланды

Алматыда жетімдер үйінде кәмелет жасқа толмаған қыз зорланды
Сурет: hromadske.radio/ru
Алматыда жетім балаларға арналған мекемеде қыздың зорланғаны белгілі болды.

Алматыда жетім балаларға арналған мемлекеттік мамандандырылған "Жанұя" кешенінде зорлау фактісі болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы EGOV.PRESS Telegram арнасы мәлімдеді. Бірақ мекеме әкімшілігі бұл жайтты әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қарастырған.

“Алайда біздің дереккөздер бұл жағдайдың зорлау дерегі болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Қалалық полиция Департаментінен шара қолдануды сұраймыз”, – деп жазды парақша. 

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз зорлау фактісі болғанын растады. 

“Бұл оқиғаны 2023 жылы Медеу ауданының полиция басқармасы тергеген. Тергеу барысында болған жағдайдың мән-жайы анықталды. Тергеу нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған күдікті кінәлі деп танылып, оған қылмыстық кодекстің сәйкес бабына сай жаза тағайындалды. Аталған істі қарау кезінде процестің кәмелетке толмаған қатысушыларының құқықтарын қорғауға қатысты заңда көзделген барлық кепілдіктер сақталғанын атап өтеміз”, – делінген хабарламада.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар