
Алматыда құрылыс жұмыстары кезінде кран құлап кетті
Оқыс оқиға 16:00 шамасында Бостандық ауданында болған. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары кезінде мұнаралы кран құлаған. Оқиға салдарынан кран операторы қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деп хабарлады департаменттен.
Ал қалалық Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына бірден өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері және қаланың өзара іс-қимыл қызметтері жіберілгенін мәлімдеді.