Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҚМДБ Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады

ҚМДБ Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады
Сурет: Кирилл Зыков / РИА Новости
ҚМБД қазақстандықтарды құрбан айт мерекесі қарсаңында алаяқтардан сақтануға шақырды

ҚМБД қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамы кезінде алаяқтықтан сақтануға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алаяқтар жалған сайттар арқылы құрбандыққа аударған ақшаны өз қалталарына басуы мүмкін екенін ескертті. 

«Өкінішке қарай, биыл құрбан шалу рәсімін оңайлату үшін ҚМДБ тарапынан жасалған игі бастаманы теріс мақсатта қолданып, түрлі алаяқтық әрекеттер болуы ықтимал. Осы себепті еліміздің азаматтарын қорғау мақсатында маңызды ескерту жасаймыз: Құрбан айт мерекесі кезінде өздерінің теріс мақсаттарын жүзеге асыру үшін кейбір белгісіз азаматтар мен ұйымдар жалған құрбандық сайттарын ашып, халықты адастырып, құрбандыққа аударған қаражаттарын өзге мақсатқа пайдаланып кетуі мүмкін. Сондықтан баршаңызды абай болуға шақырамыз», - деп ескертті мүфтият.

ҚМДБ тек сенімді qurban.muftyat.kz ресми платформасы арқылы құрбандық шалуға шақырады. Діни басқарма күмәнді сайттар мен беймәлім адамдардың ұсыныстарынан сақ болуға кеңес берді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар