Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мен оны аламын деп ойлаған жоқпын»: Мақпал Жүнісова бала асырап алу Заманбек Нұрқаділовтің ойы болғанын айтты

«Мен оны аламын деп ойлаған жоқпын»: Мақпал Жүнісова бала асырап алу Заманбек Нұрқаділовтің ойы болғанын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Мақпал Жүнісова қызы Мерейді қалай асырап алғаны туралы ашық айтты

Әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейді асырап алу марқұм Заманбек Нұрқаділовтің ұсынысы болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында әңгімеледі.

«Мен оны аламын деп те ойлаған жоқпын ғой. Ол баланы жоспарлап, біз аламыз деген ойымыз да, жоспарымыз да болмаған. Келін екі қыз туған ғой. Содан мына қызды босанады. Содан біздің бауыр «Төркініңе кет, тағы да қыз тудың» деген. Сол әңгімеге ашуланып, Зәкеңе айтамын ғой, «Құдай-ай, бізге бала бермей жатқанда, тағы да қыз тудың деген не әңгіме?» дедім. Сонда Зәкең «Есің дұрыс па? Осы сәтті пайдаланып қалайық» деп ана қызды алып кетті ғой. Аңдып отырып, осы баланы мен аламын деді. Идея менікі емес, ол Зәкеңдікі. Мүмкін, арамыз алыстап бара жатқан соң солай жасаған шығар. Сол уақыттары мен де шаршадым, арамызда бала жоқ. Зәкең болса, айғай, жан-жақтан жасалған шабуылмен жүрді. Сол кезде «Шіркін-ай, үйде бір бала жүгіріп жүрсе екен» деп бір армандайсың ғой», - дейді Мақпал Жүнісова.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар