«Қой-Таш оқиғасы»: Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 маусым, 2025
- 596

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Kaktus.media-ға сілтеме жасап.
Бүгін Бішкекте бес жылға созылған Қой-Таш оқиғасы бойынша сот процесі жалғасты.
Судья Әзірет Медеров экс-президент Алмазбек Атамбаевты 11 жыл 3 айға соттауға үкім шығарды. Оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік наградаларынан айырылады.
Атамбаевтың серіктестері Фарид Ниязов – 7 жыл 8 ай, Равшан Жээнбеков – 7 жыл 8 айға сотталды. Атамбаевтың бұрынғы оққағары Қанат Сағымбаев – 7 жыл 6 ай. Бірақ бас бостандығынан айырудан 5 жылға пробациялық бақылауға жіберілді. Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Абдылда Суранчиев - ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазасыз қалды. Нарын облысы губернаторының бұрынғы орынбасары Исабек Әбдіғазиев - ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазасыз қалды.
Бұлардан бөлек, тағы бірнеше адам сотталды.
Айта кетсек, 2019 жылдың 7 тамызында Қырғызстанның арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевтың Қой-Таштағы резиденциясын шабуылмен алуға тырысқан болатын. Келесі күні арнайы жасақ Атамбаевты резиденциясынан алып шықты.
Ұқсас жаңалықтар
Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қамауға алынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 маусым, 2025