Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылордада балабақша қызметкерлері бір жарым жасар қызды қайнаған суға күйдірген

Қызылордада балабақша қызметкерлері бір жарым жасар қызды қайнаған суға күйдірген
Сурет: vodamoidom.ru
Балабақша қызметкерлері 1,5 жасар қызды қайнаған суға жуындырамыз деп күйдіріп алған

Қызылордадағы балабақшалардың бірінде бір жарым жасар қыз қайнаған суға күйіп қалды. Анасы бұл жағдайға тәрбиеші мен күтушіні кінәлайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға 22 мамырда облыс орталығындағы жекеменшік балабақшада болған.

"Менің қызым - Шардарбек Еркежан (2023 жылы туған) - тәрбиеші мен күтушінің әрекетінен қайнаған суға күйіп қалды. Нәтижесінде, Еркежанның денесінің 40 пайызын 1, 2 және 3 дәрежелі күйіктер шалды. Ол ауыр жағдайда реанимацияға түсті, қазіргі таңда палатаға ауыстырылды, бірақ жағдайы әлі де күрделі. Біз, ата-аналар ретінде, бұл жағдайдың әділ тергелуін, кінәлі тәрбиеші мен күтушіні ғана емес, балабақша басшылығы мен Қызылорда қалалық білім бөлімінің жауапты тұлғаларын да жауапкершілікке тартуды талап етеміз. Мұндай қайғылы жағдай ешбір бала мен ата-ананың басына түспеуі тиіс. Балабақшаларға, өрт қауіпсіздігіне және санитарлық жағдайға бақылау күшейтілуі керек", - деп үндеу жасады.

Балабақша меңгерушісі тәрбиеші мен оның көмекшісінің жұмыстан босатылғанын жеткізді. Сондай-ақ, баланың еміне кеткен шығындардың барлығын балабақша өз мойнына алатынын айтты.

"22 мамырда балабақша тәрбиеленушісі дәретханаға барған кезде киімін былғап алған. Тәрбиешінің көмекшісі оны жумақ болып, абайсызда краннан ыстық суды ашып жіберген, соның салдарынан бала күйіп қалған. Ата-анасынан болған жағдай үшін кешірім сұраймыз. Біз баланың жағдайын емдеуші дәрігерден тұрақты түрде біліп отырамыз, күн сайын не қажет екенін сұрап, мүмкіндігінше отбасыға көмектесіп жатырмыз. Балабақша бастамасымен екі қызметкер жұмыстан босатылды. Біз баланың толық жазылып кеткенге дейінгі барлық емдеу шығындарын өз мойнымызға аламыз. Жағдай бақылауда", – деді балабақша меңгерушісі Ақжан Абдуллаева.

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері қыздың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар