Қоғам
Қызылорда облысында көлік жүргізушісі жолда қағып кеткен сиырын сойып, етін өзімен алып кеткен
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 маусым, 2025
- 128

Қазақстандық жолда қағып кеткен сиырды сойып алған
Қызылорда облысында сиырды қағып кеткен көлік жүргізушісі оны сойып, етін өзімен бірге алып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол малды арам өлмеуі үшін сойып алған көрінеді. Алайда сиырдың иесі жүргізушіден 350 000 теңге өндіріп алуды сұрап, талап арыз берді.
Полиция істі қарау барысында екі тарап өзара келісімге келгендерін айтып, соттан келісімді бекітуін сұрады. Сот фермерге 150 мың теңге төлеуге міндеттеп үкім шығарды. Ал ол жүргізушіден толық өтемақы талап етуден бас тартты.