Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әжетханаға итеріп жіберген»: Сарыағашта 3 жасар қыздың өліміне себепкер болған жасөспірім сотталмайтын болды

«Әжетханаға итеріп жіберген»: Сарыағашта 3 жасар қыздың өліміне себепкер болған жасөспірім сотталмайтын болды
Сурет: ашық дереккөздерден
Түркістан облысында 3 жасар қыздың өлі денесі көршісінің әжетханасынан табылды.

Былтыр Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған қыз көршінің дәретханасынан табылған еді. Оның өліміне 17 жастағы жасөспірімнің кінәлі екені анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz.  сайтына сілтеме жасап.

2024 жылы Сарыағаш ауданының Сіргелі шағын ауылында көше дәретханасынан үш жасар Арайдың денесі табылды. Қылмыстық іс жабық түрде қаралды, барлық есімдер өзгертілді. 

Бастапқыда ауыл тұрғындары мен полиция жазатайым оқиға болып, қыз дәретханаға өзі кездейсоқ түсіп мерт болды деп ойлады. Бірақ екі айдан кейін көше дәретханасынан алты жасар Асылымның айқайлаған дауысы шықты. Жақын жерде жүрген ауыл тұрғыны баланың айқайын естіп, қызды дәретханадан шығарып алды. 

Өлім аузынан аман қалған Асылым көше дәретханасына 17 жастағы көрші Бағила итеріп жібергенін айтты. Кішкентай қыздың сөздері қылмыстық істің қозғалуына себеп болды. Нәтижесінде полицейлер екі ай бұрынғы үш жасар қыздың өлімін де қайта тергеп, тексерді.

Асылымның айтуынша, 2024 жылдың 13 шілдесінде кешке Бағила оны дәретханаға апарып, шұңқырдың саңылауына құлатуға тырысқан. Асылым қорғануға тырысқанымен Бағила оны тістеп, шашынан жұлып, күшпен төменге қарай итерген. 

Тергеушілер дәретханаға байланысты екі істің де психикалық аурумен ауыратын кәмелетке толмаған қызға қатысы барын анықтады. Ал қыздың анасы оның ауруы туралы тіпті білмедім деп мәлімдеді.

Сот отырысында Бағиланың бұған дейін өзін өлтіруге тырысып, сірке суын ішкені айтылды. Сот-психиатриялық сараптама қыздың денсаулығындағы «шизофрения белгілері бар жедел полиморфты психотикалық бұзылысты» анықтады. Ол психиатриялық есепке алынды. Заңға сәйкес, психикалық ауруы расталған сотталушылар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сот қызға мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шара тағайындады. Ал қыздың отбасы қаза тапқан Арайдың отбасына 20 млн теңге моральдық зиян төлеуі тиіс.

Айта кетейік, 3 жастағы қыз былтыр мамыр айының ортасында жоғалып кеткен еді. Үш күн бойы ата-анасы, туыстары мен ауыл тұрғындары баланы таба алмай, тек үшінші күні оның денесін қарама-қарсы үйдегі дәретханадан тапты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар