Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Құрбан шалғанда оқылатын дұға

Құрбан шалғанда оқылатын дұға
Сурет: ieshua.org
Құрбан айтта мал сойғанда оқылатын дұға

Құрбан айт кезінде малды құрбандыққа шаларда Әнғам сүресі, 162-163 аяттары оқылады, – деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ummet.kz-ке сілтеме жасап.

6 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Бұл күні айт намазы жамағатпен жария түрде оқылады. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы республика бойынша Құрбан айт намазының кестесін де жариялады. Сондықтан еліміздің барлық аймағы Құрбан айтқа дайындық үстінде жүр. Бірақ көп адам құрбан малын шаларда қандай дұға оқылатынын біле бермейді. Сол себепті құрбан малын шаларда мына төмендегі Құран аятын оқып, одан соң «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбәр» деп, малды бауыздайды:

Транскрипциясы: «Қул иннә саләәтии, уә нусукии, уә мәхяйя, уә мәмәәтии лилЛәһи раббиль ъАләмиин.  Лә шәриикә ләһ. Уә бизәәликә умирту. Уә әнәә әууәлуль муслимиин».

Мағынасы: «Оқыған намазым, шалған құрбаным, өмірім мен өлімім бүкіл әлемнің Раббысы Алла үшін. Оның серігі жоқ. Осы нәрсеге бұйырылдым. Мен мұсылмандардың алғашқысымын». (Әнғам сүресі, 162-163 аяттар). 

Ханафи фиқһ кітаптарындағы бір риуаятта былай делінген: "Алла елшісі құрбанын шаларда: "Аллаһумм! Һәзә минкә. Уә иләйкә саляти, уә нусукии, уә мәхяйя, уә мәмәәтии лилЛәһи раббиль ъАләмиин.  Лә шәриикә ләһ. Уә бизәәликә умирту. Уә әнәә әууәлуль муслимиин. Бисмилләһи, Аллаһу әкбар" дейтін де, малды бауыздайтын". (Имам Сәрәхси: әл-Мәбсут).

Ескерер дүние, құрбандық шаларда болсын, мейлі жай күндері болсын, малды бауыздайтын кісі «бисмилланы» тілге алуы шарт. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар