Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сырым ауданындағы 5 баланың қазасы: БҚО әкімі жағдай өз бақылауында екенін айтты

Сырым ауданындағы 5 баланың қазасы: БҚО әкімі жағдай өз бақылауында екенін айтты
Сурет: kazgazeta.kz
БҚО әкімі Сырым ауданында өрттен көз жұмған 5 балаға қатысты жазба жариялады

БҚО әкімі Нариман Төреғалиұлы желідегі парақшасында Сырым ауданында өрт салдарынан қаза тапқан балаларға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол отбасына көңіл айтып, жағдай жіті бақылауында екенін мәлімдеді. 

“Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр.

Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі: жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары.

Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеуде.

Жағдай менің жіті бақылауымда”,- деп жазды әкім.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар